Аймақтар • 16 Ақпан, 2020

Әбілқайыр Сқақов есепті кездесуін баяндамасыз өткізді

57 рет көрсетілді

Жаңадан тағайындалған облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов  халықпен өткізетін есепті кездесуінен бір күн бұрын Қоғамдық кеңес өкілдері алдында «Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары» туралы баяндама жасады.                 

- Қадірлі жерлестер! Мен сіздерге құрғақ сандарды айта бермей, істің тоқетеріне көшсем, қарсылық болмайды деп ойлаймын. Облыс әкімдігіне қойылған басты міндет – өңір тұрғындарының өмірін жақсарту. Сондықтан, осы мақсатпен арамызда тұрақты диалог құруды ұсынамын, - деп бастады облыс әкімі Әбілқайыр Сқақаов екінші күні есептік  кездесуін.

Әрине, бұл жақсы бастама, есептік кездесудің қалыптасқан форматын  өзгертіп, басқаша өткенін  тұрғындар да дұрыс деп қабылдады.

Бір сағат сарылып  ұзын-сонар баяндама тыңдап отырғанша-нақты мәселеге облыс тұрғындарын қандай сұрақтар мазалайды деген мәселелерге назар аударды.

Ол мәселелер  баспана, екіншіден, бүкіл сұрақтар, өтініштер  Коммуналдық шаруашылыққа қатысты. Халықты алаңдататын үшінші мәселе – атаулы әлеуметтік көмек. Адамдардың көбісі оның жаңа форматы туралы сұрақтар қоюда.  

Сонымен, тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, шағын және орта бизнесті дамыту, білім, денсаулық салалары, экологияның тазалығы, жұмыспен қамту – облыс басшылығы үшін ең өзекті мәселелер.

Облыстағы ауылдардың жағдайы аймақтық стандарттарға сай емес. Биылғы жоспарымызда 18 ауылды көркейту. Бұл мақсатқа 3 млрд. 400 миллион теңге бөлінбек.

- Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында «Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деген еді. Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын іске асыруды бастаймыз, - деді облыс әкімі.

Кездесуге келген ауыл, қала халқы  жаңадан тағайындалған облыс әкіміне   өздерін толғандырған сұрақтарын  айтып, әкіммен диалог барысында жауаптарын ала алды.  

- Біздің міндетіміз осы жетістіктерді сақтау. Мен осы өңірде туып-өскен азамат ретінде облысымызды өркендетуге бар білім мен күшімді жұмсаймын, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Павлодар облысы

Суретті түсірген: Валерий Бугаев

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Кеше

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Кеше

Кемеңгер келбеті

Руханият • Кеше

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Кеше

Нұр-аға

Руханият • Кеше

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар