Президент • 15 Ақпан, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев «Siemens AG» Басқарма төрағасы Джо Кэзермен жүздесті

88 рет көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жұмыс сапары аясында Siemens AG компаниясының Басқарма төрағасы Джо Кэзермен кездесті.

Мемлекет басшысы қазіргі кезде елімізде цифрландыруға қатысты көптеген жақсы бастама қолға алынғандығын, сондай-ақ бұл салада атқарылатын істер әлі де аз еместігін атап өтті.

«Көптеген жақсы бастамалар қолға алынғанымен, нәтиже әлі де қуантпайды. Біз алға жылжығымыз келеді» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда ҚР Президенті бұл салада тәжірибені жетілдіру қажеттігі бар екенін қадап айтты. «Цифрландыруды жетілдірмей, ірі жобаларды іске асыру мүмкін емес. Сондықтан бұл салада да жаңалықтар енгізілгенін қалаймыз», - деді Мемлекет басшысы.

Джо Кэзермен Қазақстанның даму қарқыны таң қалдыратынын жеткізді. Оның ойынша, мемлекеттің цифрландыру саласында жақсы жетісітіктерге жетуге мүмкіндікері мол.

«Siemens AG» компаниясы элетротехника, электроника, энергетикалық жабдық, көлік, медициналық құралдар, сондай-ақ өнеркәсіп пен байланыс салаларында қызмет көрсетіп келеді. Бүгінде олар Германия және Еуропалық одақтағы ірі индустриалдық концерн болып саналады. 1847 жылы негізі қаланған компанияның штаб-пәтері Мюнхен мен Берлинде орналасқан. Бүгінде 200-ден астам елде 289 кәсіпорны жұмыс істеп келеді. Қызметкерлерінің жалпы саны 385 мыңнан асты.

Соңғы жаңалықтар

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Пневмония 68 адамда тіркелді

Коронавирус • Кеше

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Арқадағы алтын бесік

Елбасы • Кеше

Кемеңгер келбеті

Руханият • Кеше

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Кеше

Нұр-аға

Руханият • Кеше

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар