13 Наурыз, 2019

24 наурызда елордада қайырымдылық Astana Nauryz marathon өтеді

858 рет көрсетілді

Есіл өзені жағасындағы триатлон-паркте өтетін шараға бір мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық мәдениет және спорт басқармасының хабарлауынша, марафонды өткізудің мақсаты – онкологиялық аурулармен ауыратын науқас балаларға қаражат жинау.

Осы іс-шара Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мерекесінде және Жастар жылында өтіп отыр. Жарыс 24 наурызда Есіл өзенінің жағасында қалалық триатлон-паркте өтеді.

Жарыс жолына шығатын мыңнан астам адам төрт дистанцияға жүгіреді, кәсіпқойлар – 21 км, әуесқойлар – 10 км, енді ғана жүгіре бастағандар – 5 км, балалар мен ең жас спортшылар – 500 метр жүгіреді.

Марафон ақылы, оған қатысу үшін мына  сілтеме бойынша тіркелу қажет: www.astananauryzmarathon.kz.

Спорттық шараны Астана қаласы әкімдігі мен AFRK компаниясының қолдауымен AstanaSportLife компаниясы ұйымдастырмақ.

Соңғы жаңалықтар

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Кеше

Ұқсас жаңалықтар